Тұрмыстық техниканың энергетикалық тиімділік классына сипаттама

Тұрмыстық техниканың энергетикалық тиімділік классына сипаттама

Көк зеңгір жасыл фонда А түсімен энергия тұтыну тиімділігі жоғары жабдықтар таңбаланады. В таңбасы ашық жасыл фонда белгіленіп, төмен энерготиімділікті білдіреді.

Әрі қарай С, D, F, G әріптері ілеседі және түс гаммасы жасылдан сарыға дейін (D) және

ашық-қызылға дейін (G) ауысады, энерготұтынудың төмен тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ А+, А++ қосымша класстары бар, бұл аспаптардың энергетикалық тиімділігі А классынан жоғары болып келеді.

№1222 басшылардың қаулысы бойынша, міндетті таңбалауға келесідей тұрмыстық құралдар жатады: тоңазатқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар, кондиционерлер, электрплиталар, электрдуховкалары, ыдыс жуғыш машиналар, қысқа толқынды пештер, теледидарлар, электр жылытқыш аспаптар, электрлік су жылытқыштары, лампалар.

Бұл цифрлар нені білдіреді, және бұл көрсеткіш қалай есептеледі?

Мәселенің анығына жетейік. Әр түрлі тұрмыстық техника үшін бұл көрсеткіш әртүрлі параметрлерден жинақталады. 

Характеристики классов энергетической эффективности бытовой техники

Сол себептен, кір жуғыш машинаның энерготиімділік көрсеткіші бір сағатта тұтынылатын қуатпен, кВт/сағ, анықталады. Машина 4 кг жүктеме кезінде 0,8кВт/ч тұтынады. Сәйкесінше, класс көрсеткіші 0,8/4 = 0,2. Яғни, бұл В класы. А класының диапазоны А 0,17-0,19, бұдан төмен А+ басталады. Ал егер де сан 0,39 жоғары болса, онда бұл машиналар G таңбасымен белгіленіп, экономикалық тиімді болып саналады. Машинаңызда үш сан болса (ААА, ВВВ және т.б.), онда біріншісі энерготұтыну классын, екіншісі жуу тиімділігі классын, ал үшіншісі сығу тиімділігін білдіреді.

 

Электрдуховкалардың класс көрсеткіші қуат пен камераның көлеміне байланысты. Осында духовкаларды кіші, орташа және үлкен көлемді деп бөледі. Көрсеткіш көлемге пропорционал өзгеріп отырады: А классы, кіші көлем үшін 0,6 кВт/сағ, орташасына 0,8 кВт/сағ, үлкеніне 1,0. Сәйкесінше, G = 1,6, 1,8 , 2,0 кВт/сағ және әртүрлі көлемге арналған. Ыдыс жуғыш машиналарына есептеу кептіру тиімділігінің классы мен жуу тиімділігінің классын анықтау үшін жүргізіледі. Кондиционерлердің энерготиімділік көрсеткіші суық өндіру индексінің суыту кезіндегі электрэнергияны тұтыну қатынасымен есептеледі.

Тоңазатқыштар үшін тиімділік индексі тәжірибелі жолмен анықталған, электрэнергияны стандарт қатынасына нақтылай тұтыну ретімен анықтайды. А классы үшін бұл 55% төмен, 125% жоғары G классы басталады.

Қысқа толқынды пештердің энерготұтыну тиімділік классы құралдың пайдалы әрекет коэффициентіне сәйкес келеді.

Теледидарларда бұл көрсеткіш тұтыну қуатының экран ауданы қатынасына жинақталады.

Осылайша, орналасу орнына қарамастан, энерготұтыну индексі аспаптың жұмыс тиімділігін анықтайды.

Тұрмыстық техниканың энергетикалық тиімділік классына міндетті белгілеуі. Бұл тұтынушыға қандай әсерін тигізеді?

Тұрмыстық техниканы таңдаған кезде, тұтынушы бағаға, сапаға, сипаттамасына, сауда таңбасына көп мән береді. Біздің зерттеуіміз бойынша, кез келген электрқұрылғыны сатып алған кезде, оның энерготұтыну классына (энергиялық тиімділікт классы) зор мән беру керек.

Характеристики классов энергетической эффективности бытовой техники

Еуропалық өндірушілер 1992 жылы әріптік таңбалар мен энерготұтыну классын анықтайтын директива бекітілген кезден бастап, өз өнімдерінің энергетикалық тиімділігін дәлдеп көрсете бастады.

Осылайша, құралдар энерготұтыну классы бекітілген энергетикалық жапсырмалар арқылы таңбаланады. Сәйкестендірілген түрлі-түсті фонда жасылдан (жоғары тиімділік) қызылға (төмен тиімділік) дейін, А-G әріптері таңбаланады.

Ресей нарығында бұл өнім бұрыннан бар, алайда энерготұтыну классын өндірушілер жақында ғана көрсете бастады. Бірақ 2009 жылғы қабылданған энерготұтыну классының міндетті таңбасына жататын тауарлар көрсетілетін энерготұтыну заңы мен №1222 қаулының талдамасы бойынша, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндіруші-фирмаларға құралдың энергетикалық тиімділік классын белгілеу қажет. Бұдан басқа, класс мамандандырылған, тағайындалған лабараториямен тағайындалуы қажет.

Ең қызығы осы жерде. Өз тауарларының энерготұтыну классын барлық тұтынушылар растай ала ма екен? Плюс, бұл тексеру ақылы. Себебі, классты бекіту үшін ақшалай қаражатты өндірушілер немесе жеткізушілер өз қалтасынан төлейтіні екіталай. Қорытындылай келе, бұл тауардың бағасына әсерін тигізіп, айырмасын, біз, яғни тұтынушылар төлейміз. 

Бұл әрине, жағымсыз. Бірақ алатын техниканың энерготұтыну тиімділігін білу өте маңызды. Ол құралдың тұтынатын қуаты ғана емес, сонымен жұмысының тиімділік көрсеткіші. Тек А классындағы энерготұтыну G классына қарағанда анағұрлым қымбат.

Классты таңдау тұтынушының өзіне байланысты, тек техниканы класспен таңбалау кезінде тауардың бағасы қымбаттамаса болғаны.