Ақсу ферроқорытпа заводында вагонеріткіш жүзеге асырылды

Тораптың жеңіл корпусы вагон төңкерілетін орнатқыш жанында орналасқан. Оның жанындағы аймақ бір қабылдау кезінде электритергішпен сегіз вагон ангарға дейін бере алады. Мамандардың айтуы бойынша, үрдістің нақты және сапалы жүруі үшін, маневрлік операцияларды есептемегенде, бұл жеткілікті болып келеді. Инфрақызыл сәуле таратқыштары үнемді жылу көзі болып саналады. Оның ерекшелігі – ауаны қыздырмайды, вагонның қабырғаларына екі жақтан әсер етеді. Соңғысы жарты сағат  ішінде 70 градус Цельсийға дейін қызып, корпусқа кері әсерін тигізбейді.

Бірталай электрондық құрылғылары мен төрт камерасы бар автоматтандырылған бақылау жүйесі сәуле шығару қуатын нақты реттеп, жылжымалы құрамды қызып кетуден сақтайды. Барлық шикізатты, нақтылай келсек 60 тоннаны бұл жүйе 30 минут ішінде жылыта алмайды, себебі төңкерілетін орнатқыш жағында жүк қопсытылады. Бүгінгі күні тәжірибелі эксплуатацияға орнатқыштың бірінші кезегі іске қосылды. Қалған инфрақызыл сәуле шығарушыларды қосып, монтаждағаннан кейін аумақ тәулігіне 50-ден аса вагон ерітіп, жобалы өндірушілікпен жұмыс жасай бастайды. 

Фото пресс-службы АксЗФ

pavlodarnews.kz

Барлық құқықтар қорғалған.